Әлем • 10 Тамыз, 2022

Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов маңызды көлік инфрақұрылымы нысанының – «Түрікменбашы - Гарабогаз - Қазақстан шекарасы» автомобиль жолы бойындағы Гарабогаз кёл шығанағы арқылы өтетін көпірдің іргетасын қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz «Туркменистан сегодня» агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді

«Заман талаптарын ескере отырып, Гарабогаз шығанағы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысын бастауды қолға алған дұрыс деп санадық. Осы жылдың 16 маусымында қабылданған қаулыға сәйкес, жалпы ұзындығы 354 метр және ені 21 метр болатын автомобиль көпірінің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау және салу көзделген. Көпір Түрікменбашыдан Гарабогаз кёл шығанағы арқылы Қазақстан шекарасына дейін апаратын тас жолдың бойында салынады», деп атап өтті Сердар Бердімұхамедов.

Жаңа көпір елдің шығыс және солтүстік өңірлері мен көршілес мемлекетпен арадағы тауар айналымы, жүк және жолаушылар тасымалы көлемін арттырады деп күтілуде.

Осылайша, көпір Түрікменстан, Ресей, Қазақстан, Иран мен Үндістанның жүк тасымалдаушыларына теңіз, теміржол және автомобиль көлігін пайдаланып, ең қысқа жолмен Солтүстік және Шығыс Еуропа елдеріне шығуға мүмкіндік бермек.