Қазақстан • 10 Тамыз, 2022

Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының жаңарған деректеріне қарағанда, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ел халқының саны 19 млн 246 мың 300 адамды құрады, оның ішінде қалалық – 11 млн 479,6 мың (59,6%), ауылдық – 7 млн 766,7 мың (40,4%) адам, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді

2021 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2%-ға өсті.

Статистикаға сүйенсек, 2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда (139,7 мың адам) 7,7% - ға төмендеп, 128,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адамды құрады.

АХАТ органдарының деректері бойынша 6 айда Қазақстанда 198,1 мың адам дүниеге келді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4% - ға аз (216,2 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,76 туылғандарды құрады.

Осы уақыт ішінде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 9,6% - ға аз (76,6 мың адам). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,25 өлімді құрады.

Осы кезеңде республикада бір жасқа дейінгі 1649 сәбидің өлімі тіркелді.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1688 сәбидің шетінеуі) балалар өлімі 2,3%-ға төмендеді. Жалпы, нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туылғанға 8,32 жағдайды құрады.