Оқиға • 10 Тамыз, 2022

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды

752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бала өлімі туралы ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды

«Қыз суға батып кетті. Толық ақпарат кейінірек береміз», деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, 7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кеткен болатын. Таңғы бестер шамасында қыз Жамбыл ауылындағы үйден шығып кеткен. 

Қыздың анасы полицияға баланы 18 және 13 жастағы үлкен әпкелері қарайтынын айтқан. Таңертең оянса, олар үйден сіңлісін таппай қалған. Кейін қыз баланың терезеден шығып кеткені анықталды.