Аймақтар • 11 Тамыз, 2022

Павлодарда дәрігерлерге арналған жатақхана салынады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің орнында дәрігерлерге арналған жатақхана салынбақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Павлодарда дәрігерлерге арналған жатақхана салынады

«Қазір құрылыс басқармасы жобалық сметалық құжаттаманы аяқтап жатыр. Ол жерде дәрігерлерге арналған жатақхана болады. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер. Жалпы жүзден астам пәтер салынады», деді Айдар Сейітқазинов.

Оның айтуынша, бірінші қабатта дәрігерлердің балаларына арналған балабақша салу жоспарланып отыр.

«Қазір бұрын онкологиялық диспансер және провизорлық орталық болған ғимарат бос тұр. Бұл ғимарат № 3 емхананың балансында болғандықтан, осы ғимаратты сақтау үшін күзет қойылу қажет», деді ол.

Спикердің айтуынша, Достық шағынауданында жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының құрылысы және бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы бой көтереді. Әзірше құрылыс уақыты белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30