«Іс жүзіндегі түсімге жүргізілген сараптамаға сәйкес, жергілікті кіріске қатысты жоспарды болжаммен 50 млрд теңгеге арттыра отырып, 534,8 млрд теңгеге жеткізу ұсынылады. Оның ішінде салық түсімдері – 40 млрд теңгеге, салық емес түсімдер – 4,8 млрд теңгеге, ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсім – 5,2 млрд теңгеге артық болады», деді Қайсар Манқараев қалалық мәслихаттың қоғамдық кеңесі отырысында.
Басқарма басшысының айтуынша, енгізілген өзгертулерді ескерген кездегі елорданың нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі биыл – 867 млрд 234 млн теңге.
«Оның ішінде жергілікті кіріс түсімі – 534 млрд 862 млн теңге, республикалық бюджеттен трансферт түріндегі түсім – 236 млрд 927 млн теңге, займ түсімдері – 32 млрд 167 млн теңге, сонымен қатар қалдық қаражат – 63 млрд 277 млн теңге мөлшерінде болады», деді ол.