Футбол • 12 Тамыз, 2022

«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті

28 рет көрсетілді

Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасымен тең түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада өткен қарымта ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда кипрліктерді қақпа маңдайшасы құтқарып қалды.

Өкінішке қарай, тең есеп петропавлдықтарға жеткіліксіз болды. Себебі Никосияда өткен алғашқы ойында кипрліктер 1:0 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен АПОЭЛ Конференция лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 3 өңірінде қар жауады

Ауа райы • Бүгін, 17:20

Астанада жылу беріле бастады

Елорда • Бүгін, 17:00

Доллар бағамы өсті

Қаржы • Бүгін, 15:52

Ұқсас жаңалықтар