Хоккей • 12 Тамыз, 2022

Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индор хоккейден (жабық ғимараттағы хоккей) еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Азия кубогы ойындарында тағы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті

Қазақстан ерлер құрамасы Таиландты 6:3 есебімен тізе бүктірді. Олар бұған дейін Индонезиямен 4:4 есебімен тең түсіп, Сингапурды 6:1, Қытай Тайбэйін 5:1 есебімен сүріндірді. Енді олар 13 тамызда Иранмен, 14 тамызда Малайзиямен кездеседі.

Ал әйелдер арасында қазақстандық спортшылар Қытай Тайбэйін 6:0 есебімен жеңді. Еліміздің әйелдер құрамасы бұған дейін Пәкістаннан 13:0, Ираннан 5:2 есебімен басым түсті. Енді олар 12 тамызда Индонезиямен шеберлік байқасады.

Құрлықтық бәсеке Таиландтың Бангкок қаласында 8 тамыз күні басталды. Аталған турнир 15 тамызда мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше