Әлем • 12 Тамыз, 2022

Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы заңға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді

Құжат балаларды қорғау реформасын жүзеге асыру шеңберінде жыныстық қолсұғылмаушылық құқықтарын, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендерге бас бостандығынан айыру мерзімі және айыппұл сомасы ұлғайту арқылы жаза күшейтіледі.

Жоғарыда аталған қылмыстарды жасаған адамдар қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінің өтуіне, психикалық ауруына немесе психикасының уақытша бұзылуына байланысты, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босату және рақымшылық жасауды қолдану арқылы қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.