Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 7-ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасты.
Қарсыластар бұған дейін кортта өзара кездеспеген еді. Д.Пегула 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.
Америкалық теннисші финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен таласады.
Ю.Путинцева жұптық сында да жартылай финалға өте алмады. Ол америкалық София Кенинмен бірге ширек финалда америкалық Мэдисон Киз – үндістандық Саня Мирзаға жол берді – 5:7, 6:3, 6:10.
Юлия Путинцеваның жекелей сында мастерс жарысының ширек финалына дейін жетуінің өзі табыс деп бағалауға болады. Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 38-орынға көтеріледі.