Ауыр атлетика • 14 Тамыз, 2022

Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды

Ол 73 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша 315 (145+170) келіні бағындырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел құрамасынан Зульфия Чиншанло алтын алса, Өтепберген Әлиев қола жүлдегер атанды.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.