07 Мамыр, 2014

Алматының түбіндегі әскери бөлімде солдат қаза тапты

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07-05-14-pogranvoiska-1

АСТАНА. 7 мамыр. Алматы қаласының түбіндегі әскери бөлімдердің біріндегі шекара белдеуі үстінен қарумен атып өлтірілген солдаттың мәйіті табылды. Бұл туралы mgorod.kz сайты хабарлады. Қазақ тапқан қатардағы жауынгердің аты-жөні Арман Наурызғалиев әскер қатарына 2013 жылы күзде Батыс Қазақстан облысынан шақырылған екен. Ол шекара бөліміне тап келіпті. «Біз одан әскерге баруды тоқтата тұруды өтінген едік, - дейді қаза тапқан сарбаздың әпкесі Марина. – Бірақ ол әскерде қызмет етуге қатты құштар болды да, ешкімді тыңдамады». Әскери бөлімнен хабар жеткеннен кейін Арманның әкесі мен ағасы бірден Алматыға ұшып келді. «Бізге телефонмен хабарласып, Арманның мылтықпен атылып, жарақат алып қалғаны айтылды, - дейді әпкесі. – Бірақ біздің оқиғның қалай болғаны жөніндегі сұрағымызға жауап бермеді. Содан кейін телефон тұтқасын да ешкім алмай қойды. Ал бөлім командиріне шыққанымызда, ол баланың өзін өзі атып тастағанын айтты». Ата-аналарының айтуларынша, қаза тапқан солдат содан шамалы уақыт бұрын өзге біреудің телефонымен хабарласып, өзінің телефоны балансына 1000 теңге салуды өтініпті. Бірақ туыстарымен сөйлеспей қойған. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: mgorod.kz. Фото: 00-000-pochemu.info.