Аймақтар • 15 Тамыз, 2022

41 жобаға – 11,2 млрд теңге

164 рет көрсетілді

Елімізде бұқараның әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға серпін беретін «Ауыл – ел бесігі» жобасы бар. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің мәліметінше, биыл осы жобамен Атырау облысының 30 ауылында әлеуметтік нысандар мен жол салу секілді 41 жобаны іске асыруға 11,2 млрд теңге бөлінген.

Мәселен, соңғы он жылда Жылы­ой ауданының орталығы – Құл­сары қаласының инфра­құ­ры­­лы­мын да­мытуға шамамен 10 млрд теңге қара­лып­ты. Алайда атал­ған моноқалада бірқатар проб­лема әлі шешімін таппай отыр.

– Құлсары қаласында сумен қамту мен жол мәселесі өткір тұр. Жалпы шаһардың инфра­құрылымын жақсартуға жет­­кілікті қаражат бөлініп жатыр. Бұл қаланың ең өзекті проб­лемаларын біртіндеп шешу­ге мүм­кіндік берді, – дейді Б.Омар­беков.

Министр орынбасарының айтуын­ша, Құлсары қаласында еңбек на­ры­ғы мен шағын және орта бизнесті дамытуға қа­тыс­ты теріс үрдістер әлі жойылмай келеді. Мұнда жұмыспен қам­тылған адамдардың саны аз. Құ­рылыс жұмыстарының көлемі төмен­деген.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың пікі­ріне қарағанда, инфра­құры­лымдарды дамыту мен әлеу­мет­тік нысандар салуға қатысты бірнеше жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Құлсары қаласында емханалар мен балабақшалар, мектептер, тұрғын үйлер, су құбырлары мен жол салу көзделген.

Атырау облысының әлеу­мет­тік-экономикалық да­муы­ның кешенді жос­парын іске асыруға ар­налған ке­ңес­ке қатысқан ми­нистрдің орынбасары бірнеше ұсы­ныс берді. Ең бастысы, биыл­ға жоспарланған іс-шара­лар­ды сапалы орындау.

Қазір Атырау қаласындағы Балықшы шағын ауданынан Зарослый ауылы аралығындағы автомобиль жолын қайта жаң­ғыр­ту жұмысы жалғасып жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 5,7 шақырым. Жаңғырту жұ­мыс­тарының нәтижесінде жол сапасын, көлік қатынасын жақ­сартуға мүмкіндік береді. Жалпы құны 3,6 млрд теңгені құрайтын жоба осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Ал Махамбет ауданының орталығы – Махамбет ауылын­да 600 орындық мектеп-ин­тер­наттың құрылысы қолға алын­ған. Жаңа білім ұясын алдағы жылдың сәуір айында пай­да­ла­нуға беру жоспарланған. Жо­баға сәйкес, жаңа мектепте фут­бол алаңы, баскетбол, волейбол, гимнастика және тенниске арналған спорт залдары қарастырылған.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ел біріншілігі басталды

Бокс • Бүгін, 07:42

Дубайда дайындалады

Теннис • Бүгін, 07:40

«Барыс» тағы жеңілді

Хоккей • Бүгін, 07:39

Кішкентай құтқарушы

Қоғам • Бүгін, 07:38

Жылу құбырындағы апат

Аймақтар • Бүгін, 07:32

Мұз құрсанған Екібастұз

Аймақтар • Кеше

Үміт сәулесі

Саясат • Кеше

Саңлақтың соңғы самғауы

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар