07 Мамыр, 2014

Дубайда жүргізушісіз басқарылатын такси пайда болмақ

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07 05 - PRT taksi АСТАНА. 7 мамыр. Дубайда алдағы екі жылда жүргізушісіз басқарылатын такси пайда болмақ. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Personal Rapid Transit, яғни дербес автоматты көлік жоғары технологияны қолдана отырып, арнайы бөлінген жолдар желісімен жолаушыларды өздігінен тасымалдай алады. Мұндай көлік түрін зерттеу жұмыстары 1953 жылдан бастап қолға алынған екен. Алайда, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде біршама қиындықтар тууына байланысты, оны қолданысқа енгізуге мүмкіндік болмаған. Қазіргі таңда жүргізушісіз басқарылатын көлік құралы Лондонның Хитроу әуежайында ғана жұмыс істейді. Бұл жүйе 2010 жылдан бастап жолаушылардың қолданысына енген. Дубайда дербес автоматты көлік жүйесін енгізу ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесін өткізуге байланысты қалалық инфраструктураны жетілдіру жобасы аясында жүзеге аспақ. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Ria.ru. Фото: Fresher.ru.