07 Мамыр, 2014

Атырауда браконьер 61 кило бекіре балығымен ұсталды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07-05-14-osetra-1

АТЫРАУ. 7 мамыр. Атырау-Астрахань бағытындағы күре жолдың бойында Атырау облысының тұрғыны 61 кило бекіре тұқымдас балығымен ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департаментке қарасты балық қорына қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Шевроле» көлігін Исатай ауданындағы №18 темір бекеті тұсында тоқтатқан. Шетелдік көліктің жүргізушісі бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаушылығымен аты шыққан Жанбай ауылының 25 жасар тұрғыны болып шықты. Көлікті тексеру барысында оның салонынан 61 кило бекіре тұқымдас балық табылған. Осы фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 290-бабымен (Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер) қылмыстық іс қозғалды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дереккөз: Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: ishingpage.hut2.ru.