Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Елордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

1065 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында 2 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Қызылорда облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде 2020 жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғынын елордада ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3-тармағы бойынша қылмыс жасаған деген күдікке іліккен. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген», делінген Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство өкілдері нақтылағандай, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.