Оқиға • 15 Тамыз, 2022

Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

1008 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 тамыз күні Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында жеке үйлердің бірінің аумағында жарылыс болып, салдарынан тұрғындар зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, механикалық зақымдалмаған газ баллонды тауып, тәркіледі. Аталған факті ҚР ҚК 292-бабының 2-бөлігі (Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

Материалдарды жинау барысында анықталғандай, 14 тамызда үй иесі мен оның ағасы көмірді сұрыптаумен айналысқан. Жұмыс кезінде белгісіз зат жарылған. Салдарынан үй иесі оқиға орнында қайтыс болды. Екінші ер адам мен оның баласы түрлі жарақаттармен Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелеріне жатқызылды.

д

Полиция қызметкерлері жарылыстың көзі мен техникалық себебін анықтауға мүмкіндік беретін сот-жарылыс техникалық сараптамасын тағайындады.