Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Жыл басынан бері 4,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарты жыл ішінде ел аумағында 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 4,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Ел аумағында 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 2,2 тонна марихуана, 400 келіден астам гашиш және 87 келі синтетикалық есірткі бар.

«Жыл басынан бері есірткі заттарын заңсыз жарнамалау немесе насихаттау бойынша 76 сотқа дейінгі іс тіркелген. Оларды интернет арқылы өткізу бойынша 153 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында есірткімен психотроптық заттардың таралуына қатысы бар 1600-ден астам веб-сайттар, аккаунттар және басқа ресурстар анықталып, бұғатталды», деді Данияр Оралов.