Қоғам • 16 Тамыз, 2022

Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов күзгі егіс жұмыстары кезінде дизель отынының бағасы қалай сараланатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады

«Энергетика министрлігі транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша дизельдік отынға сараланған баға белгілейтін бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланады. Бұйрық жобасы бойынша біздің азаматтарымыз үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит – 100 литр дизель отыны үшін қазіргі бағамен 230-260 теңге. Сондай-ақ жүк көлігі үшін егер жүргізуші куәлігі және көліктің Қазақстан аумағында тіркелгенін растайтын тіркеу куәлігі мен құжаттар бар болса, қазіргі лимит – 300 литр болады», деді Б.Ақшолақов.

Оның айтуынша, қалған адамдарға дизель бағасы қымбат болады.

«Қалған адамдар тобына және көрсетілген көлемдерден артық дизель үшін 1 литр отын бағасы 450 теңгеден сатылады. Бұйрық жобасы 18 тамызға дейін «Ашық НҚА» сайтына онлайн талқылау үшін орналастырылды», деді ол.

Өз кезегінде Премьер-Министр аталған бұйрық жобасын тезірек пысықтап, 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізуді тапсырды.