Салтанатты іс-шараға грек-рим күресінен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, жеті дүркін КСРО чемпионы, әлем, Еуропа, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы, UWW бюросының мүшесі, Азия күрес федерациясының президенті (Азия кеңесі UWW) және Қазақстан Республикасы күрес федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыханов қатысты.
Өкілдіктің Дәулет Тұрлыхановтың атына жазылған құттықтау хатында оның әлемдік спорт аренасында халықаралық ынтымақтастық пен мемлекет мүддесін қорғаудың бастауында тұрған Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы спорт қаһармандарның бірі екені, Отанымыздың халықаралық спорт саласындағы елшісі екені аталып өткен.
«Сіздің жарқын да тамаша жетістіктеріңіз және 30 жыл бойы өзіңіз басқарып келе жатқан Қазақстан құрамасының зор табыстары – Қазақстан спортының дамуына қосылған лайықты үлес! Беларусь Республикасының Құрметті консулы ретіндегі жоғары дипломатиялық саладағы қызметіңіз біздің халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың дәнекері, адамгершілік пен мейірімділіктің жалпыадамзаттық құндылықтарын насихаттаудың озық үлгісі! Сіз және сіздің отбасыңызға, спорт ұжымдарына және Құрметті консулдық ұжымына жаңа жетістіктер, табыстар мен жеңістер, сәттілік, өмірдің барлық саласында береке, отбасылық амандық пен бақыт тілейміз», делінген өкілдіктің чемпионның атына жазылған құттықтау хатында.
Сондай-ақ Аустрияның құрметті консулы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Илья Зальцман мен Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері Лейла Байшина да мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Өз кезегінде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Асқар Шоқыбаев әріптестерін құттықтап, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әлемдік аренада ел мүддесін қорғау жолында одан әрі жемісті жұмыс тіледі.
АЛМАТЫ