Теннис • 17 Тамыз, 2022

Алан алған 15-ші жүлде

8811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен зор үмітімізге балаған Алан Құрманғалиев бізді тағы да толайым табысымен қуантты. Жас спортшы Швецияның Хельсингборг қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде 15 жасқа дейінгі теннисшілер арасында чемпион атанды.

Алан алған 15-ші жүлде

Алан Құрманғалиев осының алдында Мажарстан мен Тунисте ересектер ара­сын­да өткен жарыстарда сәтсіз өнер көр­сеткен болатын. Қазақстан құрама коман­да­сының бас жаттықтырушысы және чем­пионның жеке бапкері Эльмира Әлиева жас спортшы­ның осы жеңілістен лайықты қорытынды шығара білгенін айтады.

 – Алан U-17 санатындағы сегіздік­ке кіру жолында Үндістаннан келген мық­ты қарсыласына есе жіберіп алды. Біз осы ойынға мұқият талдау жасадық та, қате­ліктермен жұмыс істедік. Сол себепті, Алан корей спортшысымен болған финал­дық жекпе-жекке сақадай-сай дайындықпен шықты, – деді Э.Әлиева.

Хельсингборгтегі турнирде қараған­дылық теннисші әуелі даниялық Янус Бедстедті 3:0 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін үндістандық Баламуруган Раджа­секаран мен неміс Фридрих Кун Фон Бургсдорфты 3:1 есептерімен және швед Питер Алестедтті 3:0 есебімен жарыс жолы­нан шығарды. Жартылай финалда ол кореялық қарсыласы Ли Сынсуды 3:0 есе­бімен бетқаратпай жеңді. Ал финал­да болған аса тартысты өткен матчта оңтүстік­кореялық тағы бір теннисші Квон Хектен басым түсіп, турнирдің чемпионы атанды.

Еске салар болсақ, бұл – Алан Құрман­ға­лиев сынды талантты теннисшінің халық­­аралық турнирлерде жеңіп алған 15-ші медалі.

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше