Аймақтар • 19 Тамыз, 2022

Екі облыста дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді

205 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында 9-10 және 11-12 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі облыста дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді

РАТТ мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шара мен кездесулер өткізді.А

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Жарас А, Оразбаев Қ.И, Шакимова Л.С, Қыдырмоллаев Е.К, Ә.Р. Абитова тартылды.

9 –10 тамызда Шығыс Қазақстан облысында Өскемен және Зайсан қалалары ҚР Шекара қызметінің әскери қызметкерлерімен, еңбек ұжымдары мен қалалық полиция басқармасында пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтармен, Зайсан қаласы мешітінде мешіт жамағатымен, облыстық мәдениет үйінде өзге ұлт өкілдерімен, Ұлан ауданының «Мұса Баба» мешітінде ауыл түрғындары мен мешіт жамағатымен, облыстық этномәдени орталықтарда этнос өкілдерімен, «Халифа Алтай» облыстық мешітте мешіт жамағатымен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және маргиналды тұрғындармен, ОВ-156/1 және ОВ-156/3 түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен, сондай-ақ өңір жастарымен және т.б. кездесулер өткізді.П

11-12 тамызда Павлодар қаласында АП-162/1 және АП-162/3 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен, 5512 және 6679 әскери бөлімінде әскери борышын өтеушілер мен әскери қызметкерлер арасында, жастар бастамаларын дамыту орталығында жастармен, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде жамағатпен кездесу өтті.

Сондай-ақ, РАТТ мүшелерінің қатысуымен «Энергоуправление» ЖШС-де еңбек ұжымдарымен, қалалық мешітте жамағатпен, Екібастұз қаласының Солнечный кентінің мәдениет үйінде жастармен, жұмыссыздармен, әйелдермен, еңбек ұжымдарымен және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарымен, Ақсу қаласының медицина мекемесінің қызметкерлерімен және «Батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларымен семинар ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақ қойылып, сауалдарға тұжымды жауаптар алынды.