Әлем • 21 Тамыз, 2022

Қытайдағы су тасқынынан 26 адам қайтыс болды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны 18 тамызда Синин қаласы - әкімшілік орталығына бағынатын Датун уезінде болды. Биліктің айтуы бойынша, апат аймағында 6,2 мыңнан астам тұрғын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдағы су тасқынынан 26 адам қайтыс болды

Провинция әкімшілігі төтенше жағдайдың жоғары деңгейін жариялап, оқиға аймағына 2 мыңнан астам құтқарушылар, дәрігерлер мен полиция қызметкерлерін, сондай-ақ 160 көлік құралын жіберді.

Анықталғандай, 26 адам көз жұмып, 5-еуі хабар-ошарсыз кеткен.

Тамыз айының басынан бері аймақта жауын-шашын мөлшері соңғы 50 жылдағы орташа деңгейден асып түсті.