ҚР ІІМ ақпараттық порталының сайтында хабарланғандай, Павлодар полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіні өткізу және сақтау бойынша күдікке ілінген 67 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш есірткі заттары тәркіленді. Қазір Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.