Қазақстан • 22 Тамыз, 2022

Иранның ШЫҰ-ға кіру шарты жарияланды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ашық НҚА» сайтында «Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандум жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранның ШЫҰ-ға кіру шарты жарияланды

Иран Ислам Республикасы Хартияның мақсаттары мен қағидаттарын, Шарттың ережелерін, сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен құжаттарды сақтауға міндеттенеді.

Иран Ислам Республикасының осы Меморандумның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы ШЫҰ Хатшылығы хабарламаны алған күннен бастап Иран Ислам Республикасы 2022 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Хартияға, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына және олардың хаттамаларына қосылуға міндеттеме алады.

Иран Ислам Республикасы осы Меморандум күшіне енген жағдайда халықаралық шарттарға қосылу құқығын алады. Иран Ислам Республикасы оларға 2023 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде қосылуға міндеттенеді.

Барлығы 40-тан астам құжат рәсімделгеннен кейін мемлекет басшылары Иранға ұйымға мүше мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы осы жылдың 15-16 қыркүйегінде Самарқандта өтеді деп жоспарланған.