Таным • 22 Тамыз, 2022

Су сағаты

1959 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында әр дәуірден сыр шертетін жәдігерлер жеткілікті. Оның біразы түрлі қазба жұмысы кезінде табылса, енді бір жәдігерлер кездейсоқ жағдайда қолға түскен. Сондай құнды мұраның бірі – су сағаты.

Су сағаты

Деректерге сенсек, су сағаты 1965 жылы Шу өзені жағасынан кездейсоқ жағдайда табылған екен. Қыштан жасалған ыдыстың бір бөлігі конус пішіндес болса, екінші бөлігінде ойық кездеседі. Екі тіреуіш аяқтың біреуі жо­ғалған. Қарсы бетінде қолға ұстауға икемделген тұтқасы бар.

Осы бір ыдысқа қатысты мәлімет көп-ақ. Солардың бі­рінде су сағаты қажетті судың нақты көлемін анықтау үшін қолданылған деседі. Яғни сол кездегі адамдар алқапқа қанша су кететінін, қанша уақытта суаруға болатынын дәл осы жәдігер арқылы анықтаған. Ешқандай қоспасыз бір қалыпты күйдірілген ыдысты уақытында көзешілер жасаған деген дерек бар.

«Құнды жәдігер Қазақстанды айтпағанда, Орталық Азия аума­ғында алғаш рет біздің өңірде табыл­ған үлкен олжа екенін айта кеткен ләзім. Жалпы, бұл ыдыс­тың тарихы VI-VIII ғасырлармен сабақ­тасып жатыр. Нақты айтар болсақ, осы­дан 1 300 жылдан астам уақыт бұрын жа­салған екен», дейді облыс­тық та­ри­хи-өлкетану музейі дирек­торы­ның орынбасары Зарина Дүкенбаева.

 

ТАРАЗ