Елорда • 23 Тамыз, 2022

Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында бос вакансиялар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Жұмыс берушілер ұсынған вакансиялар бойынша жәрмеңке 25 тамыз күні сағат 10:00 – 13:00 аралығында «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді. Мекенжайы – Республика даңғылы, 34.

Жәрмеңкеге 50-ден астам кәсіпорын қатысады деп жоспарланып отыр.

«Жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз», делінген әкімдік хабарламасында.