Аймақтар • 23 Тамыз, 2022

Жезқазғанда ер адам бизнестегі серіктесін атып өлтірді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазғанда бизнестегі серіктесін атып өлтірген қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазғанда ер адам бизнестегі серіктесін атып өлтірді

Қалалық полиция бөлімінің хабарлауынша, 22 тамызда екі қабатты үйдің пәтерінде кісі өлімі болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 54 жастағы қала тұрғынына тиесілі екенін анықтады.

«Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 60 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің айтуынша, марқұм бизнестегі бұрынғы серіктесі болған. Кейін өзара бизнесті жауып, дүние-мүлікті бөліскен. Соның негізінде ер адамдар арасында бірнеше жылға созылған жанжал туындаған», делінген хабарламада.

Күдікті гаражда аңшы мылтығын тазалап отырған кезде серіктесінің аулаға шыққанын көріп, оны атып тастаған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.