Қазақстан • 23 Тамыз, 2022

Қылмыстық істердің 90%-дан астамы электрондық форматта тергеліп жатыр

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбай қылмыстық істерді тергеу практикасының жай-күйі мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Қылмыстық істердің 90%-дан астамы электрондық форматта тергеліп жатыр

Кеңеске ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың өкілдері мен жауапты қызметкерлер қатысты.

Хабарланғандай, қазіргі уақытта 134 мыңнан астам қылмыстық іс электрондық форматта тергелуде, бұл сотқа дейінгі тергеу органдарының өндірісіндегі істердің жалпы санының 90%-дан астамын құрайды.

Кеңес барысында өңірлер бойынша электрондық қылмыстық істерді жүргізу тәжірибесі қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша комитет төрағасы электрондық форматта қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Атап айтқанда, ІІМ-ге прокуратура органдарына электрондық қылмыстық істердің материалдарын қағаз жеткізгіште бастамашылық жіберу және электрондық істер бойынша қағаз форматта тергеу әрекеттерін жүргізу практикасын алып тастай отырып, қылмыстық істерді электрондық тергеп-тексеру бойынша жұмыстың жай-күйіне ведомстволық бақылауды арттыру ұсынылды.

«Қадағалаушы прокурорлардың назары электрондық істер бойынша қағаз құжаттарды талап етуді болдырмай, СДТБТ-де процестік шешімдерді тек электрондық форматта бекіту қажеттігіне аударылды. Бас прокуратура Жоғарғы Сотпен бірлесіп Электрондық қылмыстық істерді үздіксіз тіркеу мақсатында СДТБТ және «Төрелік» ақпараттық жүйелерінің техникалық өзара іс-қимылы бойынша жұмысты жалғастырады», делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің хабарламасында.

Кездесу соңында қатысушылар қылмыстық істерді тергеудің электрондық форматын одан әрі жетілдіру бойынша бірлескен шешімдер қабылдады.