Теннис • 24 Тамыз, 2022

Қазақстандық теннисшілер US Open чемпионатында бақ сынайды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анна Данилина Кливлендте өткен турнирдің ширек финалына шықса, Дмитрий Попко US Open біліктілігін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілер US Open чемпионатында бақ сынайды

Кливлендтегі WTA 250 сериялы турнирдің бірінші айналымындағы матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен дуэтте америкалық Мэдисон Бренгл мен Лорен Дэвисті 7:6 (5), 2:6, 10:7 есебімен жеңді. Ширек финалда Данилина мен Крунич жапондық-индонезиялық жұп Миу Като мен Алдила Суткиадиге қарсы ойнайды.

«Нью-Йоркте АҚШ ашық чемпионатының іріктеу матчтары басталды, онда екі қазақстандық – Дмитрий Попко мен Михаил Кукушкин өнер көрсетеді. Попко бірінші айналымда әлемнің 170-ракеткасы итальяндық Андреа Пеллегриноны 4:6, 7:6, 6:2 есебімен жеңді. US Open біліктілігінің жартылай финалында Дмитрий Словакиядан келген әлемнің 114-ракеткасы Норберт Гомбошқа қарсы ойнайды», делінген ҚТФ хабарламасында.

Бүгін 24 тамызда Михаил Кукушкин бірінші раундта аргентиналық Николас Кикермен кортқа шығады.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25