Оқиға • 24 Тамыз, 2022

Өзбекстаннан 62 тонна қауынды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінде қауынды контрабандалық жолмен әкелгісі келгендер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстаннан 62 тонна қауынды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. 

23 тамызда «Қапланбек» кеден бекетінде комитеттің Ахуалдық орталығының қызметкерлері инспекциялық тексеріп-қарау кешенінің суреттерін талдау кезінде мәлімделген құжаттарда сәйкессіздік барын анықтады. Құжаттарда мәлімделген «қарбыздың» орнына суретте сопақша пішіндес тауар көрінді. Комитеттің 2021 жылғы 12 қарашадағы №722  бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тексеріп қарау интроскопиялық техникасын қолдануы тәртібіне» сәйкес, МКК-нің Ахуалдық орталығы кеден заңнамасын бұзуға күдік туындаған мәліметтерді кедендік жіті тексеруге жіберді.

д

Кедендік жіті тексеруді жүргізу кезінде (Ахуалдық орталықтың бейне сүйемелдеуі) «Қапланбек» кеден бекетінің қызметкерлері 62 тонна декларацияланбаған «қауын»  тауарын анықтады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы 12 тонна «қауын» тауарын және 66 тонна «қарбыз» тауарын алып өтпек болған.

Енді мұндай қадамға барған азамат қолданыстағы заңнамамен жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес-қауымдастықты қолданыстағы кеден заңнамасын мүлтіксіз сақтауға керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20