«Оңтүстік, оңтүстік-шығыс антициклоны ықпалымен еліміздің басым бөлігінің ауа райы ашық және құрғақ болады. Сондай-ақ ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақтала отырып, бұл өңірлерде найзағай, жаңбыр жаууына әсер етеді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең шығыста, солтүстікте тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болуы мүмкін.