Қазақстан • 26 Тамыз, 2022

Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігі артады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде арнайы экономикалық аймақ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігі артады

Кездесуде арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынылып отырған жаңа іс-шаралар кешені пысықталды. Бұл - салық және кеден жеңілдіктерін беру барысында сараланған тәсіл енгізу, арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларының қаржылық қамтамасыз етілуін бастапқы кезеңде растау, қызметтің басым түрлерінің тізбесін кеңейту рәсімдерін бюрократиясыздандыру және аралас жеңілдікті режимді енгізу шаралары.

Арнайы экономикалық аймақ қатысушылары түйіткілді мәселелерді талқыға салып, олардың бірлесіп шешу жолдары талқыланды.

«Жиын барысында басқарушы компаниялар мен бизнес өкілдері айтылған ұсыныстарға қолдау білдірді», деді комитет төрағасы.