Оқиға • 26 Тамыз, 2022

22 жыл іздеуде болған ақмолалық есірткі сатушы ұсталды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 жыл іздеуде болған ақмолалық есірткі сатушысы Сургутте ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 жыл іздеуде болған ақмолалық есірткі сатушы ұсталды

2000 жылдары Щучье қаласының 35 жастағы тұрғыны Ресей Федерациясының азаматымен аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау жөнінде  алдын ала сөз байласқан.

2000 жылы 29 наурызда Екатеринбургтен Щучье қаласына ресейлік әйел келіп, Ақмола тұрғынынан 6 келіге жуық кептірілген марихуана сатып алған. Келесі күні әйелді Көкшетау стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері пойызда келе жатып ұстады.

ҚР ҚК-нің 259 бап 4-бөлігі бойынша (қазіргі редакция: ҚР ҚК 297-бап 3-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде әйел дистрибьютор туралы да айтып берді. Алайда оның сыбайласының үйіне жеткенде полиция оның қашып кеткенін анықтады. Ер адамға қатысты тергеу басталды.

Қылмыскерді 22 жыл бойы іздеу жұмыстары жүргізілген. Ақмолалық жедел уәкілдер 11 тамызда Ресей Федерациясының Сургут қаласында жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 57 жастағы есітркі тасымалдаушыны ұстады.