Қазақстан • 26 Тамыз, 2022

Қазақстанда тұңғыш рет «Ұлы Дала жорығы» бәйгесі өтеді

808 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда тұңғыш рет «Ұлы Дала жорығы» атты республикалық марафон-бәйге өткізілетінін хабарлады. Қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтитын бағытта 1200 шақырымды еңсереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тұңғыш рет «Ұлы Дала жорығы» бәйгесі өтеді

Ведомство басшысы жаңа жобаның маңызы мен мақсатын түсіндіріп берді. 

«Бұл – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, тіпті әлемде теңдесі жоқ марафон-бәйге. Сондай-ақ бұл аламан жай ғана ат жарысы емес – қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртатын, рухын оятатын, Қазақстанның бай табиғаты мен тарихын зерделейтін, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыратын тың жоба болмақ.  Бұл бәйге болашақта өзіміздің ат үстіндегі дәстүрлі «Париж Дакарымыз, Тур де Франсымыз» болады деп үміттенемін», деп жазды Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.

4

Марафон 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында басталып, 29 қыркүйекте Түркістанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Оған еліміздің әр өңірінен бір команда қатысады.

Бас жүлденің жеңімпазы 30 млн теңге, 2 орын иегері – 20 млн теңге, 3 орын үшін 15 млн теңге ұтып алады.