Қоғам • 26 Тамыз, 2022

Жұрттың өтініші орындалса құп

434 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылғы 23 тамыз күнгі санында «Қаптаған кеніштерден қайырым бар ма?» атты мақала жарық көрген еді. Онда Баянауылдағы халықтың көмір қымбатшылығына алаңдап отырғаны, мемлекеттік мекемелердің жергілікті кеніштерге қатысты әрекетсіздік танытқаны жайлы мәселе көтерілді. Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан толғандырған тақырыпқа орай жауап хат келді.

Жұрттың өтініші орындалса құп

Мақала газетте жарық көрген соң басқарма өкілдері бірден хабарласып, аталған мәселе бойынша шараларды қолға алып жатқандарын мәлім етті. Хаттың мәтінін толық жариялауды құп көрдік.

«Қазіргі уақытта «Майкубен-Вест» АҚ-дан өздігінен алып кету арқылы сатып алынатын көмір бағасы ҚҚС-мен қоса есептегенде 7 500 теңгені, «Гамма Сарыколь» ЖШС-нан (ҚҚС-мен) 5 500 теңгені құрайды. Бұл бағалар үш жыл бойы өзгерген жоқ және алдағы жылыту маусымының соңына дейін әрекет ететін болады. Сонымен қатар облыстың энергетика және ТКШ басқармасы «Майкубен-Вест» АҚ және «Гамма Сарыколь» ЖШС басшылығына Баянауыл ауданының тұрғындары үшін көмір бағасын төмендету мүмкіндігін қарау туралы хаттар жолдады. Қазіргі уа­қыт­та бұл хаттар қарастырылуда» де­­лін­ген хатта.

Баянауылдық жұртты жылдар бойы алаңдатқан мәселеге жергілікті билік­тің назары ауып, көмір кеніштерін иеленіп алған инвесторларға халық талабын жеткізіп жатқаны қуантарлық жағдай деп бағалаймыз. Көптің көке­йінде жүрген тілекке кеніштердің құрыл­тайшылары да үн қатады деп үміттенеміз. Тұрғындар бұл мәселеге өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов араласып, өңірде тиісті шаралар қол­ға алынады, ел көңілінен шығатын шешім қабылданады деп сенеді.

 

Павлодар облысы