Қоғам • 27 Тамыз, 2022

Қазпоштаның барлық қызметі уақытша тоқтатылады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ-ның барлық қызметі үш күнге тоқтатылады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазпоштаның барлық қызметі уақытша тоқтатылады

Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.

«Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамызы сағат 08:00-ге дейінгі аралықта «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердің барлық түрі жұмысын тоқтатады», делінген ресми хабарламада.

Компания мамандары жексенбіге дейін барлық операцияны алдын ала жасауға кеңес берді.

«Бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді «Қазпошта» АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», дейді компания өкілі.