Полицейлер мәліметінше, 26 тамызда сағат 21.30 шамасында тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғыннан екі сағат бұрын алты жасар ұлы аулаға ойнауға кеткені және содан бері қайда екені белгісіз екені туралы хабарлама түскен.
«Полиция басқармасының басшылығы, жеке құрам мен жедел-тергеу тобы көрсетілген мекенжайға дереу жетті. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде бала кәріз шұңқырынан өлі табылды», деді ведомство өкілдері.
Полиция бұл деректі соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген, сараптамалар тағайындалды.