Теннис • 28 Тамыз, 2022

А.Данилина Кливленд WTA 250 турнирінің финалында ұтылып қалды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалында есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Данилина Кливленд WTA 250 турнирінің финалында ұтылып қалды

А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич аталмыш жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген еді.

Қазақстандық-сербиялық жұп соңғы бәсекеде доданың екінші ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен шеберлік байқасты.

Америкалық-аустралиялық дуэт 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа ие болды.

Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде А.Данилина мен А.Крунич 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 4 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.