Қазақстан • 29 Тамыз, 2022

Қазақстандық делегация Татарстандағы жастар саммитіне қатысып жатыр

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясы) астанасы Қазан қаласында Жаһандық жастар саммиті басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық делегация Татарстандағы жастар саммитіне қатысып жатыр

Форум «Қазан – ИЫҰ жастар астанасы» халықаралық бағдарламасы аясында өтіп жатыр. 

Оның қатысушылары арасында Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше 20-дан астам елдің жастар және спорт министрлері бар. 

Форумды Татарстанның Жастар істері министрлігі, Жастар дипломатиясы академиясы және Татарстан Республикасының «Селет» республикалық жастар қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған. 

Форум аясында жастар көші-қоны, мәдениетаралық диалог, әлеуметтік лифттер, жастар кәсіпкерлігі және басқа да өзекті тақырыптарды талқылау жоспарлануда. 

Саммиттің ашылуында Татарстан Премьер-министрінің орынбасары Лейла Фазлеева сөз сөйледі. 

Саммитке Ирак, Ресей, Палестина, Нигер, Пәкістан, Камерун, Ливия, Индонезия, Уганда елдерінің өкілдері, сондай-ақ Әзербайжан, Иран, Мадагаскар, Қазақстан және Сьерра-Леоне министрлерінің орынбасарлары бар барлығы 300-ге жуық адам қатысуда.

Айта кетейік, Қазандағы жаһандық жастар саммиті 30 тамызға дейін жалғасады.