Елорда • 30 Тамыз, 2022

Елордада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Конституция күніне орай Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Ата заңым – айбарым» мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жиналған көрермендер алдында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары сөз сөйледі.

л

«Бүгінгі мереке-әрбір қазақстандық үшін өте маңызды және мәртебелі күн. Біздің Конституция-қазақ халқының тарихи жеңісін, армандары мен мүдделерін заңды түрде бекіткен, бүкіл әлемге Қазақстан деп аталатын еркін елдің өмір сүруін ашқан беделді құжат. Елорда тұрғындары мен қонақтарына тамаша шығармашылық кеш сыйлай алғанымыз үшін қуаныштымыз. Біздің Конституциямызға бағынып, шындықты айта алатын ұрпақ өссін», деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева. 

л

Сахнада Қазақстанда дүниеге келген үздік шығармалар орындалды. Олардың қатарында Евгений Брусиловскийдің «Шашу», Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау», Алтынбек Қоразбаевтың «Қазақстан» және т.б. шығармалар орындалды.