Саясат • 31 Тамыз, 2022

Путин мен Лукашенко Украинадағы жағдайды талқылады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен Украинадағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Путин мен Лукашенко Украинадағы жағдайды талқылады

Путин Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, Беларусь басшысын туған күнімен құттықтады.

«Екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті мәселелер, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланды», деп жазылған Кремль хабарламасында.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей президенті Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Украинаның шығысындағы Донбасста арнайы әскери операция басталғанын хабарлаған.