Әлем • 31 Тамыз, 2022

Пәкістанда су тасқынынан мыңнан аса адам қаза болды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның миллиондаған тұрғыны қатты су тасқынынан зардап шекті, мыңнан астам адам көз жұмды. Ғимараттар, көпірлер мен жолдар қирады, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Пәкістанда су тасқынынан мыңнан аса адам қаза болды

БҰҰ пәкістандықтарға гуманитарлық көмек көрсету жоспарын жариялады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық қауымдастыққа үндеу жариялап, 5,2 млн адамға азық-түлік, су, санитарлық және медициналық көмек көрсету үшін 160 млн доллар бөлуге шақырды.

«Пәкістан азап шегуде», деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейнеүндеуінде. Ол ел тұрғындары бұрын-соңды болмаған жаңбыр мен су тасқынынан зардап шегіп жатқанын атап өтті.

Пәкістан билігінің есебі бойынша, табиғи апаттан 33 миллион адам зардап шеккен. Бұл – ел тұрғындарының 15 пайызы. 50 мыңнан астам адам елдің солтүстік-батысына көшірілді.

Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің басшысы Ахтар Наваз Пәкістандағы 160 ауданның 72-сі табиғи апаттан зардап шеккенін айтты. 800 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалды.