Аймақтар • 31 Тамыз, 2022

Петропавлдағы су құбыры құдығында жұмысшы қаза тапты

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылыс нысанының жанындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 28, 20 және 18 жастағы үш жұмысшы буланудан зардап шекті. Олардың бірі, 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлдағы су құбыры құдығында жұмысшы қаза тапты

Зардап шеккен екі адам қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды.

Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тиісті сараптама тағайындалды.

«Істің мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігерлік ұйымдардың кінәсі тексеріледі», делінген Петропавл қаласының полиция басқармасы таратқан хабарламада.