Үкімет • 03 Қыркүйек, 2022

Ақпарат және қоғамдық даму министрі ант қабылдады

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов жаңадан тағайындалған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі ант қабылдады

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін! Ант етемін!», деді министр Дархан Қыдырәлі.

П

Сондай-ақ Әлихан Смайылов бұған дейін осы қызметті атқарған Асқар Омаровқа алғыс білдірді.