Теннис • 03 Қыркүйек, 2022

US Open: Қазақстандық жасөспірімдер іріктеу жарысының финалына шықты

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар Сандуғаш Кенжебаева мен Аружан Сағындықова жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

US Open: Қазақстандық жасөспірімдер іріктеу жарысының финалына шықты

Іріктеу сайысының 4-ракеткасы болып тіркелген С.Кенжебаева нидерландтық Мари Нейкампты тізе бүктірді. 

Бірінші партияда Сандуғаш 1:4 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіре білді. Сосын тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6). 

Екінші сетте 5:0 есебімен алға кетіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.

Кенжебаева іріктеу сайыстарының финалында Польша өкілі Вероника Эвалдпен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы Аружан Сағындықова жапониялық Харука Хасегавамен кездесті. Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:3. 

Супер тай-брейкте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 10:7. 

Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында америкалық Джульетта Парехамен кездеседі.