Жол апаты салдарына үш адам қайтыс болды.
Дерек бойынша «Алматы – Өскемен» автожолының 295 шақырымында Toyota Camry автокөлігін басқарған 40 жастағы ер адам рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, Mitsubishi L200 автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жас әйел мен 10 жастағы бала көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, алайда онда 13 жастағы қыз көз жұмған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс тіркелді.