Президент • 03 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысындағы өрт салдарын жою үшін Үкіметтен қаржы бөлінеді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы өрт салдарын жою үшін Үкіметтен қаржы бөлінеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады.

«Барлық мемлекеттік органдардың жұмысын Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов үйлестіреді. Олар Мемлекет басшысына өртті ауыздықтау және елді мекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы жедел баяндап отыр», деп жазылған хабарламада. 

Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өртті сөндіру шараларына басымдық беруді тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берілді.