Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге өзге аймақтардан көмек жіберілді

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы жалпы аумағы 40 мың гектар болатын ормандағы өртті сөндіруге өзге өңірлерден көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге өзге аймақтардан көмек жіберілді

«Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан өрт сөндіру құралдары мен қосымша күштер жіберілді», деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта тілсіз жау орманның төрттен бір бөлігіне жуық аумақты шарпып үлгерген. 

Айта кетейік, өртті сөндіруге 51 техника, 3 ұшақ, 4 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 320 адамы жұмылдырылған.