Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2022

Айтыс өтті Ертіс бойын дүбірлетіп...

672 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ашық аспан астындағы Ertis Promenade сахнасында республикалық ақындар айтысы өтті. От ауызды, орақ тілді сөз сүлейлері жергілікті жұрттың шөлін қандырып, рухани кеш сыйлап қана қойған жоқ, дода соңында алған жүлделерін толығымен Қостанайдағы алапат өрттен зардап шеккен ағайындарымызға аударды.

Айтыс өтті Ертіс бойын дүбірлетіп...

Ашық аспан астындағы ай­тысқа керекулік ақындар, атап айтқанда, «Алтын домбыра» ие­гері Аспанбек Шұғатаев, Бейбіт Бөжен, Рауан Қайдар, Алтай Қа­дырбек, Оразбек Саяхат және қы­зылордалық Мұхтар Ния­зов, ақтөбелік Нартай Тілеу­құл, ал­­матылық Шұғайып Сезім­хан, оралдық Мұрадым Мир­ла­нов, көкшетаулық Нұрмахан Жақыпбек қатысты. Аламан айтыс басталмас бұрын Ертіс-Баян өңірінің танымал айтыскері, «Ақ­тоғайдың қара нары» атан­ған Бейсенбі Мұқажан қаты­су­шыларға батасын беріп, сәттілік тіледі.

Бұған дейін республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген павлодарлық Алтай Қадірбек қарсыластарының барлығы мықты дайындықпен келгендігін атап өтті. Бір-бірімізге сөзбен шабуыл жасап, тарихы терең оқиғаларды қозғап, қарсыласымызға әдемі әзілмен жауап беруге тырыстық дейді ол.

Ал айтыскер ақын Бейбіт Бөжен мұндай сайыстар облыс­тағы жас ақындардың ұшта­лып, тәжірибе жинауына зор мүм­кін­дік екенін жеткізді. Облыс басшылығының төл мәде­ние­ті­міз­ге деген көзқарасы дұрыс. Был­тыр Тәуелсіздік күніне орай өңір­де үлкен аламан өтсе, міне, ара­ға біраз уақыт салып тағы бір дүбірлі доданың куәсі болдық.

,

«Асыл домбыра» иегері, белгілі ақын Ринат Зайытов, керекулік ұлт жанашырлары, ақындар Асыл Әбіш пен Жарқынбек Амантай әділ­­қазылар алқасы тарапынан мә­дени іс-шараның жоғары дең­гейде ұй­ымдастырылғанын атап өтті.

– Кезінде Павлодар өңірінде Серік Құсанбаев пен Асығат Тұр­­­­­­­ған­бектен өзге айтыскер ақын­­­­дар бар екенін білмедік. Кейін Аспанбек Шұ­ғатаев топ жа­­­­­­рып шықты. Бү­гінде Рауан Қай­­дар, Бөкен Жігер сияқ­ты жақ­сы екпінмен келе жат­қан жыр сүлейлері бар. Мұ­ның бар­лығы Павлодар өңірінің ұлт­­тық мә­де­ниетке ден қойға­ны­ның нә­тижесі. Ауқымы кең дү­бірлі до­да­лардың көбірек өтуі жас­­тар­дың арасын­да ұлт­тық мә­де­ниетке деген қы­зығушы­лық­ты оятады, – деді Ринат Зайы­тов.

е

Айтыс қорытындысында Мұх­­тар Ниязов жеңімпаз атанды. Жүлделі бірінші орынды Ас­пан­бек Шұғатаев, екінші орынды Оралдан келген Мұрадым Мирланов иеленсе, үздік үштікті тағы бір жерлесіміз Рауан Қай­дар түйіндеді. Ақындар бір­ауыз­дан өз жүлделерін Қостанай об­лысындағы өрттен зардап шеккен отбасыларға аудару туралы ше­шім қабылдады.

 

Павлодар облысы