Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Павлодарда футбол бапкері суға батып кетті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Кенжекөл ауылы маңындағы резиденцияның жанында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда футбол бапкері суға батып кетті

«Vita» іздестіру жасағының еріктілері хабарлағандай, «Ертіс» футбол командасының жаттықтырушысы, 1995 жылы туған  Роман Богданов достарының көз алдында абайсызда жардан аяғы тайып, суға құлаған.  Ертіс өзенінің арынды ағыны оны бірден батырып жіберген.

Бұған қоса «Ямайка» жағажайында демалып жатқан 40 жасар әйел де тілсіз жаудың құрбаны болды. Ол өзеннің жылы ағысына түсіп, шомылып жүргенде моторлы қайық келіп соғыпты. Салдарынан 1982 жылғы туған азаматша су түбіне кеткен.

Айта кетейік, сүңгуірлер аталған екі адамның мүрдесін іздестіріп жатыр. Қайғылы жағдай орын алған жерлерде іздестіру жасағының еріктілері де жұмылдырылған.